Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
982

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бақтиярұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жасөспірім 15 наурыз күні Астанадағы үйінен шығып кеткен және сол уақыттан бері қайта оралмаған.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімнің белгілері:

Бойы: шамамен 160–165 сантиметр

Дене бітімі: орташа

Киген киімі: қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім.

Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

8-775-817-16-32

8-705-311-78-53

немесе «102» арнасы арқылы хабарлауға болады.

Кез келген ақпарат жасөспірімді аман-есен үйіне қайтаруға көмектесуі мүмкін.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бала үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында бензин құю кезінде ауыр күйік алған 46 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды. Дәр...