Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1163

Екібастұзда жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Құтқарушылардың жұмысын қолайсыз ауа райы қиындатып отыр. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солнечный кентінің маңында "Шандықсор" жасанды көлінде 4 шілдеде сағат 16:10 шамасында тыйым салынған жерде шомылып жүрген кезде суға батып кеткен 2009 жылы туған баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Баланы іздеуге Жедел-құтқару жасағының күштері 6 қызметкер, 2 техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ, эхолот тартылды. Іздеу шараларына қолайсыз ауа райы кедергі келтіріп жатыр.
"Қатты жел мен толқындар кедергі жасап жатыр. Осыған қарамастан, сүңгуірлер жұмыстарын жалғастыруда", - дейді департамент өкілдері.

Павлодар облысы ТЖД жабдықталмаған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін еске салады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...