«Таксиге ақшасы болмаған»: Сатушы қызды өлтірген ер адам туралы тың дерек шықты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1114

Саран қаласында сатушы қызды 30 мың теңге үшін пышақтап кеткен ер адам 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның ешбір елде тіркелмеген, азаматтығы жоқ екені белгілі болды. Қарағандыда құрылыс саласында жұмыс істейді екен. Үйленген.

Ал ер адамнвң адвокаты ол туралы ештеңе айта алмайтынын айтты.

«Мен іс бойынша ештеңе түсіндіре алмаймын. Мен оның құқығын қорғаймын. Сотқа дейінгі тергеу деректерін жария ете алмаймын», - деді адвокат Евгения Толстова.

Адвокат ер адамның азаматтығы жоқтығын қиын тағдырымен байланыстырды. Ол тіпті Қазақстан азаматтығын да алмаған.

Саран қалалық сотының судьясы Мадияр Батталов оны екі айға қамауға алуды тапсырды. 

Қайғылы оқиға болған күні 50 жастағы күдікті Қарағандыдан Саранға таксимен келеді. Кейін такси жүргізушісіне уақытша телефонын тастап кеткен. Кейін ақша алып келіп, айырбастап алатын болған. Ол телефонын қайтару үшін дүкен тонауға шешім қабылдайды. Бірақ сатушыны өлтіретін ойы болмаған екен.

Ер адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Техас штатындағы жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан сәл астам уақыт өткен соң, 12 шілдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.  Жол апат...