Экс-министр Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар
1352

"Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Айта кетсек, Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін «мемлекеттік басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдар докторы.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің маманы ретінде бастаған. Білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.

2001–2002 жылдары Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кейін Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2007–2008 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2008–2009 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, 2009–2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қазан айында Президент Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2018 жылғы сәуірден бастап ҚР қоғамдық даму министрі қызметін атқарған.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...