Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік берілетін болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы оты...
Бір күнде екі бала терезеден құлап, біреуі қаза тапты
Фото: freepik
582
Абай облысында бір тәулік ішінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Қайғылы жағдайлардың бірі өліммен аяқталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Екі жағдай да Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында тіркелген. 2 жасар сәби алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Сол күні тағы бір оқиғада үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ол ауруханаға жеткізіліп, қазір дәрігерлердің бақылауында.