Шымкентте кейінгі уақытта жыландардан қорғану үшін құтқарушылардың көмегіне 120 адам жүгінген, деп х...
Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын айуандықпен зорлады
Фото: freepik.com
2323
Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот процесі жабық режимде өтті. Іс-материалдарына сәйкес, 2024 жылдың шілде айының соңында мұғалім автомобиль салонында қызды зорлаған. Кейін ер адам қараша айында ұсталды. 32 жастағы азамат мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген.
Алайда ол өз кінәсін мойындамады. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаланың білім бөлімі қыздың мектепке баруын жалғастыратынын айтты.