Шымкентте 8-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz қалалық білім б...
Париж Олимпиадасының қатысушысы отбасылық зорлықтың құрбаны болды
Фото: смартпресс
Уганданың Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Дональд Рукаре белгілі жеңіл атлеттің қайтыс болғанын хабарлады. Әйел адам бірнеше күн бойы өмір мен өлім арасында жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Париж Олимпиадасының қатысушысы отбасылық зорлықтың құрбаны болды. Бірнеше күн бұрын Уганда спортшысы бұрынғы жігітімен ұрыс-керістен кейін денесінің 75%-ы күйіп, ауруханаға түсті.
Болжам бойынша, Ребекка Чептегей мен оның жігіті арасындағы жанжал даулы мүлікке байланысты туындаған. Бір сәтте жігіт ақылынан айрылып, алдымен жәбірленушіні бензин құйып өртеп жіберген.
«Біз спортшымыз Ребекка Чептегейдің қатігез әрекеттің құрбаны болғанын білдік. Жаны жәннатта болсын. Біз әйелдерге көрсетілктін зорлық-зомбылықтың тоқтатылуын қалаймыз, бұл мәнсіз әрекет ұлы спортшыдан айырылуға алып келді», — деп жазды Дональд Рукаре әлеуметтік желіде.