«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2356

Әлеуметтік желіде qazaq_robin_hood лақап атымен танымал Ілияс Сариев ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қазақ Робин Гуд — Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды», - деп жазды заңгер.

Алматы қалалық полиция департаменті  ақпаратты растады.

«Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде.

Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады ПД.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...