Елімізде «Қарттар күні» аталып өтеді. Жасы ұлғайған адамдарға деген ілтипат жоғары деп с...
ҰҚК өкілдері қазақстандықтарға үндеу жасады
фотосурет ашық дереккөзден
Алаяқтар қазақстандықтарға күштік құрылымдардың, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының атын жамылып, қоңырау шалып, хабарлама тарата бастаған, деп хабарлайды madeniportal.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кеткен, онда шабуылдаушылар күштік құрылымдардың, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларының атынан хабарласа бастаған.
Ведомство өкілдері алаяқтар атап айтқанда, телефон қоңырауын шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жіберетінін алға тартады.
"Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттар файлдары жиі жіберіледі (қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері). Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ", - делінген хабарламада.
ҰҚК өкілдері осындай жағдайға тап болған жағдайда, тезарада әңгімені не хат жазысуды тоқтатып, 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуге кеңес береді.