Бюджеттен 8,5 млрд теңге жымқырған күдікті Ресейден табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1521

Ресей Федерациясынан 2 жыл қатарынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тергеу мәліметінше, құрылыс компаниясының басшысы 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдармен алдын ала сөз байласып, жалған шарттар жасасып, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып қалды. Оған халықаралық іздеу жарияланып, осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде «Нұр Ғасыр» мешітінің 38 жастағы қызметкеріне қатысты сот процесі басталды. Ол...