Астанада екі қабатты коттедж өртеніп жатыр (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
406

Астананың Нұра ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Имантау көшесіндегі екі қабатты коттеджде шыққан. Қазіргі уақытта құтқарушылар қызыл жалынды сөндіріп жатыр. Оқиға орнында судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылған.

Куәгерлер түсірген кадрлардан бастапқыда үйден ақ түтін шыққанын, кейін оның қою қара түтінге айналғанын көруге болады.

ТЖМ мәліметінше, әзірге «112» пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өрттің шығу себебі мен аумағы нақтыланып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...