Маңғыстаулық оқушы Самир Валерий “100 жаңа есім” қатарына енді, деп хабарлайды MADE...
Елімізде төрт күндік жұмыс күні енгізілуі мүмкін
Фото: Pixabay
Қазақстанда жекелеген өндіріс салалары алдағы уақытта төрт күндік жұмыс аптасына көше бастауы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Министрдің сөзінше, төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі заңнамада бұрыннан бар. Алайда мұндай тәртіп, әдетте, жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі негізінде жүзеге асады.
"Егер ұйым жұмысына қатысты барлық міндетті төрт күн ішінде орындауға мүмкіндік болса, жұмыс беруші мұндай шешім қабылдай алады. Менің ойымша, біз бұған біртіндеп келеміз. Уақыт өте келе кейбір салалар төрт күндік жұмыс аптасына көшеді", – деді Асқарбек Ертаев.
Оның айтуынша, мұндай жұмыс режиміне алғаш көшкен ұйымдар басқа жұмыс берушілер үшін үлгі болуы мүмкін. Кейін бұл тәжірибе жан-жақты зерттеліп, тиімділігіне қарай кеңінен қолданылуы ықтимал.
Дегенмен министр барлық қазақстандықты жаппай төрт күндік жұмыс аптасына көшіру жоспарда жоқ екенін атап өтті. Бұл мәселе әр ұйымның жұмыс ерекшелігіне қарай, қызметкер мен жұмыс берушінің келісімімен шешілуі тиіс.