Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерге тіл тигізді (ВИДЕО)

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
599

Омбыдан шыққан ресейлік комментатор Максим Гречанин Қазақстанның «Астана» балалар хоккей командасының ойыншыларына қатысты эфирде дөрекі сөз айтып, дау тудырды. Кейін ол көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлады Madeniportal.kz Шайба.kz-ке сілтеме жасап.

Спорттық басылымның мәліметінше, жанжал Омбы қаласында өткен балалар хоккей турнирі кезінде болған. Жергілікті комментатор тікелей трансляция барысында «Астана» командасының жас ойыншыларын өрескел түрде кемсіткен. Комментатордың сөздері эфир жазбасында сақталып қалған.

Оқиғадан кейін Максим Гречаниннің өзі, турнир ұйымдастырушылары және Ресейдің хоккей федерациясы ресми түрде кешірім сұрағаны атап өтіледі.

Комментатордың айтуынша, матчқа дейін эфирге шығып кеткен бұл сөздер мүлде айтылмауы керек еді. Ол әрекетін «өрескел әрі этикаға сай келмейтін» қылық деп бағалап, оның ұлтаралық араздық тудыруға бағытталмағанын жеткізді. Сондай-ақ комментатор спорт журналистикасының міндеті ойынға көрік беріп, көрерменге жағымды әсер сыйлау екенін атап өтті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Комик Нұрлан Сабуров Таиландқа және Қытайдың ең ірі қалаларына сапарларды жоспарлаған, деп хабарлады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Депутат...