Елімізге белгілі ақын көз жұмды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2723

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық ақын әрі журналист Серік Боқанның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық желіде жазба жариялап, әріптесі туралы сыр шертті.

“Ол бұл өмірдің қулық-сұмдығын үйрене алмай-ақ кетті. Басын тауға да, тасқа да ұрды. Ақыры, діннен марқадам тапты... бәлкім, таппады. Өзін көп іздеді. Өзін сыйлайтын ортаны көп іздеді. Жолы болмады. Үнемі тығырыққа тіреле берді. Өзі де менің алдымнан бір кетпелтек томар кетпейді деуші еді. Шынымен, тап-таза еді. Тез жараланғыш еді. Онысын білдірмейтін. Өзін дәлелдегісі келетін. Дәлелдей алмады!”, - деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...