Назарбаев Путинмен Мәскеуде не үшін кездесті?: Тың деректер

Фото: Кремль

ЖАҢАЛЫҚТАР
2609

Айдос Үкібай Назарбаевтың Мәскеуге неге барғанын түсіндірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы бұл сапар жеке және бейресми болғанын жеткізді.

“Нұрсұлтан Назарбаевтың Владимир Путинмен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынасы бар. Олар мемлекеттік өкілеттіктің болуына қарамастан сақталады”, - деп жазылған мәлімдемеде.

Айдос Үкібайдың айтуынша, тұңғыш президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараға шақырту алғанымен, белгілі бір объективті себептерге байланысты бара алмаған. Мәскеуге кешірек баруының себебі осы болып саналады.

“Тұңғыш президент Қазақстанда тұрақты тұрып жатыр. Оның елден кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды”, - деді баспасөз хатшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...