Бүгін білім күніне орай, елордада жаңа гимназия ашылды. Оған еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласының А.Иманов – Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан білім ордасы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназия деп аталады.



«Құрметті оқушылар, адам өмір бойы білім алуы керек. Цифрландыру мен жасанды интеллекттің енгізілуіне байланысты бүгінде көптеген мамандықтар жоғалып жатыр. Алайда, олардың орнына басқалары пайда болады. Сондықтан сіздердің білім деңгейлеріңіз бәсекеге қабілетті және бүгінгі күннің талаптарына сай болуы керек. Біз сіздерге сенеміз», - дейді Асқар Мамин.


