“Шетелдік суретшілер”: LRT вагондарына сурет салып кеткендердің кім екені анықталды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1204

Астанадағы LRT вагондарына бояумен сурет салып елдің ашуына тигендер анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Суретті салып кеткен шетелдік суретшілер болып шықты.

Астанадағы граффити қауымдастығының өкілдері LRT вагонындағы граффити авторлары германиялық суретшілер екенін айтты. Сөздерінше, олар елдеріне қайтып кеткен болуы мүмкін.

"Неге LRT? Меніңше, олар үшін бұл жаңа нәрсені жасап көруге түрткі болғанына сенімдімін. Мақсаты – дәл осындай нысанда алғашқылардың бірі болып із қалдыру еді. Олар өз әрекеттері үшін қатаң жазаға тартылатынын жақсы білді. Бірақ сол тәуекел оларға ерекше жігер, өткірлік берген сынды" – деді қауымдастық өкілі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...