Полиция Алматыдағы блэкаут кезінде жол қозғалысын реттегендерге қатысты пікір білдірді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
111

Алматыдағы жарықтың жаппай өшуінен бағдаршамдардың бір бөлігін істен шығып, қала көшелеріндегі қозғалыс айтарлықтай қиындады. 14 тамызда кейбір қиылыстарда қала тұрғындары жолға шығып, қозғалысты реттеу арқылы жүргізушілерге көмектеспек болды. Алматы полициясы мұндай қадамға бармауға шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жанашыр алматылықтардың бағдаршамы істен шыққан қиылыстарда қозғалысты реттеген сәттері түсірілген кадрлар пайда болды.

Алматы полиция департаменті жол қозғалысын реттеу арнайы дайындықты, дағдыларды және жолдағы жағдайды түсінуді талап ететінін атап өтті.

Полицейлердің айтуынша, көлік ағынын басқару әрекеттері, керісінше, жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және реттеушілердің өзіне қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

Көлік қозғалысы тығыз кезде дұрыс берілмеген белгінің өзі қауіпті жағдайға әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан полиция қала тұрғындарын қозғалысты реттеу үшін жолдың жүру бөлігіне шықпауға шақырды.

"Полиция бағдаршамдар істен шыққан жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды және Жол қозғалысы ережелерін сақтауды ұсынады", - деп хабарлады Алматы полициясы. 

Өнер

Бүгін қазақтың біртуар композиторы, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 14 тамыз күні кешкі уақытта жанармай құю бекетінде...