«Ең кішісі – 7 айлық»: Үш баласын балталап өлтірген әйел қамауға алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1260

Үш баласын қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып отырған Қанск қаласының 29 жастағы тұрғыны төртінші баласын не себепті аман қалдырғанын түсіндірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала тергеу кезінде әйел тергеушілерге берген жауабында төртінші баласын өлтіре алмағанын, себебі ол кезде баласы мектепте болғанын, ал кейін өзінде күш-қуат қалмағанын айтқан.

Оқиға 2025 жылғы 14 сәуірде тіркелген. Көпбалалы ана 7 айлық, 4 және 8 жастағы үш баласын өлтірді деген күдікпен ұсталған. Тергеу мәліметінше, ол балаларына әдейі балтамен соққы жасаған. Әйел бұрын психиатриялық есепте тұрған. Көршілерінің айтуынша, ол өте тұйық, өзгелермен араласпайтын және жиі өз-өзімен сөйлесетін адам болған.

Қылмыстан кейін әйел ата-анасының үйіне барып, болған жайтты айтқан. Балалардың атасы бірден Герцен көшесіндегі пәтерге жүгіріп барып, немерелерінің мәйіттерін тапқан соң полицияға хабар берген.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, отбасының есепте тұрғанына байланысты жергілікті профилактикалық органдардың жұмысына да құқықтық баға берілмек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ілияс Сариевпен бірге жұмыс істеген блогерлер Әмірбек Шәкіш пен Бақдәулет Құдайқұл өз шындықтарын ай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2024 жыл Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Тоғаевқа қатысты қылмыстық...