Атышулы экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
21

Бүгін, 16 қыркүйекте бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталды. Ол тоғыз жыл түрмеде отырғаннан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

2020 жылы сот Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырды деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырған. Кейін жаза мерзімі тоғыз жылға қысқартылды. Ертаев 2018 жылы ұсталғанын ескерсек, оның жазасын өтеу мерзімі дәл қазір аяқталды.

2025 жылдың күзінде Ертаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға әрекет жасаған. Алматы облысының Алатау қалалық соты оның рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырған. Колония әкімшілігі де оның тәртібін жақсы деп бағалаған. Алайда бұл шешім құқық қорғаушылардың наразылығын туғызып, көп ұзамай сот рақымшылық туралы шешімнің күшін жойды. Ертаев қайта ұсталып, колонияға қайтарылды.

Бұл жолы оның босатылуына кедергі жоқ. Жаза мерзімі толық өтелді.

Соған қарамастан, Ulysmedia.kz Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сауал жолдаған. Әзірге жауап келген жоқ.

Bank RBK ісі Қазақстандағы ең ірі банк жанжалдарының біріне айналды. Ертаевпен бірге тағы 35 адам сотталды. Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды.

Еске салайық, Ертаев пен іс бойынша екінші фигурант Бақыт Ибрагимнің жалпы құны шамамен 3 млрд теңге болатын мүлкі тәркіленген. Олардың арасында пәтерлер, үйлер, Lexus және Audi көліктері, жер учаскелері, өндірістік база, сондай-ақ құны 740 мың доллар тұратын Richard Mille сағаты болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек. Бұл туралы адвокат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ер адам әйелінің анасына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Оқ...