Ер адам әйелінің бетіне қайнаған шәрбәтті шашып, Өзбекстанға қашып кеткен

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
137

Қырғызстанның Ош қаласында төрт баланың анасы Зарнигор Закированың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әйелдің айтуынша, күйеуі оның бетіне қайнап тұрған шәрбат (тосап шәрбаты) шашып, ауыр күйік жарақатын салған. Зардап шегуші мұның себебі күйеуінің екінші әйел алмақ болғаны және осыған байланысты туындаған отбасылық жанжал екенін мәлімдеді.

Оқиға 2026 жылдың 9 наурызында болған. Зарнигор Закированың сөзінше, қыздары попкорнға арналған шәрбат қайнатып жатқан. Күйеуі қайнап тұрған шәрбатты үлкен ожауға құйып, қайта қыздырғаннан кейін әйелінің бетіне екі рет шашқан. Салдарынан ол беті мен денесінің бірнеше жерінен ауыр күйік алып, 27 күн ауруханада емделген.

Жәбірленуші күйеуінің шабуылдан кейін Өзбекстанға қашып кеткенін айтады. Ош қалалық милициясы күдіктінің 2 маусымда ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, оған Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Отбасылық зорлық-зомбылық» бабы бойынша іс қозғалған. Сот күдіктіні бір айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...