Ер адам екі бірдей әйелді өлтіріп, денелерінің бөлігін қаланың әр шетіне тастаған

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
4425

Стамбул қаласында қоқыс жәшігінен бөлшектелген 37 жастағы Өзбекстан азаматы Дурдона Хакимованың мәйіті табылғаннан кейін тергеу жаңа жайттарды анықтады. Хакимова өлтірілген пәтерде тағы бір өзбекстандық әйелдің өлтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ulysmedia сайтына сілтеп.

Дурдона Хакимованың дене бөлшектері 24 қаңтар күні Стамбулдың Шишли ауданынан табылған. Бұл оқиға Түркияда да, өзбек диаспорасы арасында да үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Түркиялық БАҚ-тың прокуратура мен құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, қамауға алынған күдіктілердің бірі тергеу барысында Хакимованы өлтіргеннен кейін тағы бір әйелді — 32 жастағы Өзбекстан азаматы Сайёра Эргашалиеваны да өлтіргендерін мойындаған. Екінші жәбірленушінің дене бөліктері де қаланың әртүрлі жерлеріне тасталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, екі қылмыс та әйелдер күдіктілермен бірге тұрған пәтерде жасалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...