Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жерлесіміз Айша Омарова қола мед...
Психиатриялық аурухананың пациенттерін зорлағандар 15 жылға сотталды
© @sethealth.ru
Түркістан облысында психиатриялық аурухананың бұрынғы санитар-контролерлері бірнеше әйелге жыныстық зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы CMN.KZ хабарлады, деп жазды madeniportal.kz.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар облыстық Психикалық денсаулық орталығының №3 әйелдер бөлімінде жұмыс істеген. 2024 жылдың шілдесінде, түнгі уақытта, олар өздерін қорғай алмайтын жағдайда болған екі науқас – Б. және К.-ға бірнеше рет зорлық әрекеттерін жасаған.
Жәбірленушілердің бірі, К., ол кезде кәмелетке толмаған және ақыл-есі толық жетілмеген күйде болған. Бұл медициналық сараптамамен расталды. Қылмыстар ауруханадағы теледидар көретін бөлмеде және сыртқа шығатын баспалдақ алаңында жасалған.
Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық соты жәбірленушілер мен олардың заңды өкілдерінің куәліктерін негізгі дәлел ретінде таныды.
Прокуратура әр айыпталушыны 15 жылға соттауды сұрады, жәбірленушілер де қатаң жаза талап етті. Алайда айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ және ақталуды сұрады.
Сот жеңілдететін жағдай ретінде олардың кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын айтты. Екі ер адам зорлау бабымен кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 жылға сотталды. Сонымен қатар, оларға өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.