Астанада Тәуелсіздік даңғылы тағы да жабылады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1676

Астанада Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты тағы да бірнеше күнге жабылатын болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылының Қ.Мұнайтпасов көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі.

Осыған байланысты, 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады..

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», - делінген әкімдік хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...