Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында қанды қылмыс орын алды, деп хабарлады madeniportal.kz. Бұл тур...
Ер адамды әрәптестері таспен ұрып, тірідей көміп кеткен
Фото: Stan.kz
Алматы облысында 29 жастағы ер адамды өлтіріп, жерге көміп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аса ауыр қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, 27 мамыр күні демалыс базаларының бірінде бірге жұмыс істейтін азаматтар арасында ішімдік ішу кезінде жанжал туындаған.
Тергеу дерегінше, жанжал барысында 29 жастағы ер адам қатыгездікпен соққыға жығылып, кейін күдіктілер оның денесін жасырмақ болған. Марқұмның мәйіті бірнеше күннен кейін табылған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынған. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.