Сіздер жұлдыздардың өмірін талқылап отырғанда мемлекеттің басқару жүйесі өзгеріп жатыр – Айгүл Орынбек

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2843

Танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлады Madeniportal.kz.

"Мына жақта жұлдыздардың жеке өмірін талқылап шай ішіп отырсыңдар, ал дәл қазір мемлекет басқару жүйесі өзгеріп жатқанын білесіңдер ме?!

Бір қатынның тоқал боп барғаны, бір әншінің кіммен жүргені – ол сенің тағдырыңа еш әсер етпейді!

Ал мына реформа – осы елде тұрып жатқан 20 миллион адамның  өміріне ықпал етеді.

Сендер «ойбай, биліктегілер білгенін істесін» деп селқос қарап отырсаңдар – ертең билікті жамандауға құқығың жоқ!

Себебі сені басқаратын жүйені өзің үндемей отырып қалыптастырасың.

Елің алға дамысын десең – өзгерістерге өзің үлес қос!
Сен де осы мемлекеттің толыққанды мүшесісің – ұмытпа!

Парламент неге бір палаталы болғалы жатыр?

Бұл – жай «ойын» емес!

Осыны бүгіннен бастап ойлан.

Жұлдыздарды емес – өз болашағыңды талқыла!", деді Айгүл Орынбек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезді. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың 1 мамырында жалғыз ағасынан айырылған әйел әлеуметтік желіде жанайқайын жариялады, деп х...