Ер адамның бөлшектелген денесін қоқыс жәшігіне лақтырған күдіктінің видеосы тарады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2356

Оқиға 30 қаңтарда Жезқазған қаласында болған. Байқоңырова көшесіндегі пәтердің бірінде Дмитрий Баранов, Светлана Дмитриева мен оның күйеуі Владимир Самохин бірге ішімдік ішкен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ішімдікке масайған үшеудің арасында жанжал туындап, Дмитриева үстелден пышақты алып, Барановты мойыннан пышақтаған. Ер адам оқиға орнында көз жұмады. Содан кейін әйел мүрдені бөлшектеп, Самохинмен бірге үйдің артына апарып, қоқыс жәшігіне тастай салған.

Полиция тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтауда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...