Легионерлерге бюджеттен ақша бөлінбейді: Қазақстан 8 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
112

Туризм және спорт министрлігі спорт саласындағы реформалардың алғашқы нәтижесін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Министрліктің мәліметінше, жүргізілген өзгерістер нәтижесінде 8 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген. Бұған кәсіби спорт клубтарын мемлекеттік қаржыландыруға лимит енгізу және легионерлердің шығынын бюджет есебінен өтеуден бас тарту себеп болған.

Сонымен қатар балалар спортына бөлінетін қаражат айтарлықтай артқан. Спорт мектептеріндегі бір тәрбиеленушіге жылына бөлінетін қаржы 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жаттықтырушылардың жалақысы да 30%-ға өскен. Қазіргі уақытта спорт мектептеріндегі жаттықтырушы-оқытушылардың еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрлік мәліметінше, бүгінге дейін 3 511 жаттықтырушы-оқытушы тиісті тестілеуге қатысқан.

Ведомствоның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – бюджет қаражатын кәсіби клубтар мен шетелдік спортшыларға емес, ең алдымен балалар спорты мен отандық спортшыларды дамытуға бағыттау.

МҰРАЖАЙ

Абай күнінде күллі Қазақ даласы Абай рухына тағзым жасады, тағылым алды. Қателеспесем, Абай күнінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ол продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанға қатысты “жала жабу” бабымен кін...