Медетбек Смағұлов: “Әр үйде наркотест болуы керек”

Фото: kapital.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
318

Әр ата-ана үйіне наркологиялық тест сатып алып қойғаны дұрыс. ІІМ-нің сала бойынша уәкілетті өкілі осындай кеңес береді, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жастар арасында есірткіге тәуелділік күннен-күнге көбейіп барады. Осы орайда, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Медетбек Смағұлов баланы құтқару турасында кеңесін айтты.  

– Қазір дәріханаларда наркологиялық тесттер бар. Әрбір ұл-қыз тәрбиелеп отырған отбасы балаларын бақылауда ұстап, түсіндіру керек. Сол үшін осындай құрылғыны сатып алып, үйіне қойып қоюға кеңес беремін. Сосын балалары есірткі қолданатын болса, тестпен тексеріп, бірден анықтайтынын ескертуі керек. 

Жалпы есірткі қолданғанын анықтау үшін қан тапсырудың қажеті жоқ. Осы құрылғымен кіші дәрет арқылы 1,5 минутта есірткінің қандай түрін қолданғаны туралы ақпарат алуға болады. Ол дәріханаларда ашық сатылады, - дейді маман.
Ол есірткі тұтынатындарға «кейін қойып кетеді» деп, бей-жай қарамау керегін айтты. Себебі, есірткіге тәуелділіктің бастапқы кезеңінде әрекет етсе, адамды құтқаруға мүмкіндік жоғары.

– Ең басты мәселе, адамдар жақындарының есірткі қолданатынын жасырады. Өзі кішкене уақытта қояды дейді. Бұлай болмайды. Бірден дабыл қағу керек. Есірткі, синтетикалық өнімдерді тұтынуды дер кезінде тоқтатса, ары қарай жақсаруына мүмкіндік бар. Бұл - өте маңызды, - дейді М. Смағұлов.
Сондай-ақ есірткіге тәуелді болып қалған науқас 3 ай тегін емделе алатынын да еске салды.

– Нашақорлықты емдейтін арнайы орталықтар бар. Мемлекеттік мекемеде анонимді түрде 3 айға дейін тегін емделе алады. Бірақ науқас міндетті түрде тіркеуге алыну керек. Ақылы мемлекеттік мекемелер де бар. Олар да анонимді түрде емдейді. Толық емдеу құны 350-400 мыңнан басталады. Жеке емханаларға баруға болады. Ол жақта ем алу құны - 600-800 мың теңге аралығында, - дейді ол.
Еске салайық, Алматыда «Наркостоп» жобасының қорытындысы шыққан болатын. Есірткіге тәуелділік неден басталатынын біліңіз. 

Ал есірткі тасымалымен айналысқандар 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал егер аса ауыр қылмыс жасап, тармақтары нақты анықталатын болса, 14 жастан бастап қылмыстық іс арқалайды.

Қазақстанда есірткіге қатысты 4 мыңнан астам сотталған адам бар. Оның 255-і — әйел, 9-ы — кәмелетке толмаған бала.

Түрмеде отырғандардың кейбірі жаңа заңға сәйкес жазасын жеңілдете алады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен Иманғали Тасмағамбетовке қатысты әлеуметтік желілерде тара...

Әлем

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тек Украина территориясына ғана емес, халықаралық диплом...