Құрылтай депутаттары ресми тіркеліп, куәліктерін алды

Фото: election.gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
250

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың сайланған 145 депутатын ресми түрде тіркеді. Олардың өкілеттігі тіркеу рәсімі аяқталған сәттен бастап басталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның мәліметінше, депутаттар партиялар бойынша мынадай тәртіппен тіркелді:

  • “Әділет” партиясы – 110 депутат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 депутат;
  • “Ауыл” партиясы – 10 депутат;
  • “Ақ жол” Қазақстанның демократиялық партиясы – 8 депутат;
  • Respublica партиясы – 9 депутат.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутатының өкілеті тіркелген сәттен басталатынын айтты. 

“Енді сіздер – Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Құрылтайдың депутаттарысыздар”, – деді ол.

Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, депутаттық мандат – халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі. Сондықтан Құрылтай депутатының мәртебесі әр депутатқа ел мен халық алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.

Отырыста Құрылтай депутаттары тікелей сайлау құқығы негізінде сайланғаны және сайлау науқанының барлық кезеңі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылғаны да айтылды.

Жиын соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 5.0 және 5.1 Lollipop нұсқасындағы смартфондарды қолдауды то...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны...