Қазақстан үкіметі зейнеткерлердің қарызын кешіруге келіспей қойды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ&nb...
«Бізбен екі апта ғана тұрды»: Марқұм фельдшердің күйеуі әйеліне жантебірентер жазба арнады
Фото: әлеуметтік желі
Қайғылы жағдайда қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел Threads желісінде марқұм әйеліне әсерлі жазба арнады. Жас жұбайлар сегіз жыл кездесіп, 2025 жылы ғана отау құрған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әділет Зейнел жазбасында марқұм келіншегімен қалай танысқанын айтып, екеуінің махаббат хикаясын бөлісті.
"Махаббатым, біз 2017 жылы танысып, тек 2025 жылы тойымызды өткіздік. Сен бізбен тек екі апта ғана тұрып, қасымызда 20 жыл болғандай із қалдырдың. Сен барлығымызға бақыт пен шексіз махаббат сыйладың. Мен сені жақсы көремін. Біз сені жақсы көреміз. Мен сені қатты сағындым.
Алла тағала нағыз махаббатты сездіру үшін маған сені жіберді. Кейін бұл сезімдеріммен бірге сені де алып кетті. 18.11.2025 - өмірімдегі ең ауыр әрі бақытсыз күн болды", - деп жазды ер адам.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлады. Оқиға салдарынан бір фельдшер ауыр жарақат алып көз жұмды.