Гонконгтың Тай По ауданындағы мемлекеттік тұрғын үй кешенінде шыққан ауқымды өрттен 83 адам көз жұмы...
Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды
5874
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық SAINt JHN деген орындаушының "Roses" әніне жасаған ремиксі үшін "Грэмми" сыйлығын алды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

63-ші «Грэмми» марапаттау рәсімі әлемді жайлаған індеттің сақтану мақсатында онлайн режимінде өтті. «Грэммиге» ұсынылған алғашқы қазақстандық Иманбек Зейкенов «Үздік ремикс-2021» номинациясының жеңімпазы ретінде ең алғаш ата-анасы, командасы және менеджер Кирилге өз алғысын білдірді.