Гүлзира Айдарбекова шұғыл отадан кейінгі жағдайын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
709

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында өт қабындағы тастарды алу үшін ота жасалатынын хабарлаған. 

Ол наркоздан кейін оянбай қалған жағдайлар туралы естіп, қатты алаңдағанын да жасырмаған. Дегенмен, продюсер кейінірек жағдайдың жақсы өткенін айтып, жазба жариялады.

«Бұрын абысыным наркоздан оянбай қалған еді. Кейін тағы бір туысым өттегі тасты лазермен алдырып, асқынудан көз жұмған. Сол жағдайлар қорқынышымның себебі болды. Аллаға шүкір, бәрі сәтті өтті», – деп жазды ол.

Отадан кейінгі кезеңде Гүлзира Айдарбекова өзін әлсіз сезінетінін, наркоздың әсері толық қайтпағанын айтты. «Наркоздың әсері әлі кетіп жатыр. Ұйықтап қалып, қайта оянып жатырмын. Қазір өзімді әлсіз сезінемін, кейін толық жазамын», – деді продюсер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...