"Есеймеген ренжулі ерлер көп": Мөлдір Әуелбекова ажырасқан еркектердің мәселесін көтерді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1311

Әнші әлеуметтік желіде қоғамдағы әкелердің рөлі жайында сөз қозғады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Ерлерге сұрақ: неге, біздің қоғамда көп еркектер әйелімен ажырасқанда, балаларымен қоса ажырасады? Яғни, балаларына келмейді, іздемейді де? Бағуды айтпай ақ қойдым", - деп жазды ол.

Оның сауалына желі қолданушылары әртүрлі жауап берген. Алайда көптің жауабы автордың көңілінен шыққан сыңайлы.

"Есеймеген ренжулі ерлер көп екен. Дегенмен, адекватты пікір білдіріп, нақты сұраққа - эмоциясыз нақты жауап беріп отырған ер азаматтар да баршылық екен! Рақмет!", - деді Мөлдір Әуелбекова желіде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...