Сахнаға ішіп шыққан: Мақсат Аханов айтыстан шеттетілді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
210

Әлеуметтік желіде Нұргүл Хасанова ақынның айтыста айтқан сөзінің видеоүзіндісін салып, оны "масқара" деп атады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Мынау не масқара, не көргенсіздік! Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай» дейді. «Вацап» арқылы келіп жатыр. Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды» деген, аузына келгенін көкіп отырған мынаны желкелеп сахнадан қуып шығатын бір намысты адам болмағаны ма сол жерде?! Жүз жерден «жұлдыз», мың жерден «дүлдүл» болса да! Мынау не басыну, не тайраңдау?! Айтыстың әдебі, сахна мәдениеті қайда?! Айтысты ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы не қарап отыр?! Елді сыйламау, жерді қорлау, тұтас халықты адам құрлы көрмей, ар-намысын таптау ғой бұл!” – деп жазды ол.

Оның бұл сөзіне қосылып, ақынды қатты сынағандар болды.

Ал Айтыс Одағының төрағасы Аманжол Әлтай бұл айтыс одақтың жоспарында болмағанын, Шайыр ауылында болған айтыс екенін жеткізді.

Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен сол өңірдің азаматтарының ұйымдастыруымен өткен. Біздің қатысымыз жоқ. Өзім ұйымдастырған, қадағалаған айтыстарда сахна мәдениетінің сақталуына, ақындардың әдебіне ерекше мән беріледі. Мақсат Ахановты алдағы жарты жылда айтыстарға қатыстырмау жөнінде шешім қабылданды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы айтыскер Мақсат Ақановқа қатысты әлеуметтік желіде тараған жағдайға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысының Алға ауданында 53 жастағы ер адам өзінің 22 жастағы келініне қатысты зорлық жасады...