Каспий теңізінен алып қара дақ табылды

Фото: Telegram/twworldkasp

ЖАҢАЛЫҚТАР
1110

«Таза әлем» жобасының экологтары 16 тамыз күні Каспий теңізінің акваториясынан көлемі 82 шаршы шақырым болатын ірі ластануды анықтады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Жобаның қатысушыларының айтуынша, Sentinel-1A радиолокациялық суретінде теңіз бетінде алып, бөлшектенген дақ анықталған. Олардың болжамынша, бұл дақ майдан немесе балық аулаудан қалған қалдықтардан тұруы мүмкін. Оның аумағы 82,51 шаршы шақырымды құрайды.
«Бұл судың бетінде кездейсоқ пайда болған «лас жолақ» емес, Каспий картасындағы тұтас қара таңба», – деп мәлімдеді «Таза әлем» өкілдері.

Олар мұндай ластану жалғаса берсе, теңіз оны «көтере алмайды» деп алаңдаушылық білдірді.

Дақтың ізі Құрық – Баку порттары арасындағы кеме қатынасы бағыты бойымен созылып, Қазақстан мен Әзербайжан секторларын қамтыған.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...