Финляндияда екі тікұшақ соқтығысып, адамдар қаза тапты

Сурет: oxu.az

ЖАҢАЛЫҚТАР
1055

Финляндияның батысындағы Сатакунта провинциясында, Эура елдімекені маңындағы аэродром аумағында екі жеңіл тікұшақ әуе кеңістігінде соқтығысып, апат салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Тікұшақтар Таллин қаласынан ұшып шыққан. Фин полициясының мәліметінше, Robinson R44 Raven маркалы тікұшақтардың бірінде екі, екіншісінде үш адам болған. Алдын ала дерек бойынша, аман қалғандар жоқ. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр. Эстония СІМ бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, марқұмдар арасында эстониялық кәсіпкерлер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Финляндия Қорғаныс министрлігі бұл апаттың әскери нысандар мен техникаларға еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Құтқару қызметі мен полиция оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ресми мәлімдеме кейінірек жарияланбақ.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...