Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
662

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қараусыз қалған 5 және 2 жастағы екі бала тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

«Оқиға кезінде үйде ересектер болмаған», - дейді құтқарушылар.

Олар шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы екі баланың ауыр жарақат алмағанын, үйге ем алуға жіберілгенін хабарлады.

Айта кетері, жыл басынан бері Қарағанды облысында терезеден 10 бала құлаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...