Шымкентте қыздарды заңсыз түрде қарамағында ұстағандардың сұмдығы

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2011

Құқық қорғау органдары Шымкентте ата-ана қарауынсыз қалған мектеп жасындағы қыздардың заңсыз түрде жеке мекемеде тұрып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында мекемеде негізінен кәмелетке толмаған қыздардың тұрып жатқанын анықтады. Олардың барлығының ата-аналары болғанына қарамастан, қамқоршылық мекеме заңсыз түрде балаларды өз қарамағына алған», — делінген материалда.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қамқоршылық қоры заңды түрде тіркелген, алайда балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге рұқсаты болмаған. Қазіргі уақытта аталған ұйымның қызметін арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Абылаевтың айтуынша, мекеме басшылығы бұл жағдайдан хабардар болған.

«Тексеру нәтижесінде мекеме директоры мен әкімшілігі қатаң жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тәрбие және оқу жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілерінің де ақпаратты жасырғаны үшін жауапкершілігі қаралды», — деді Абылаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...