Головкин мен Роналду тағы да кездесті (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1260

27 желтоқсанда Эр-Риядта World Boxing ұйымының президенті әрі Қазақстан ҰОК-нің басшысы Геннадий Головкин португалиялық футболшы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Головкин Instagram Stories бөлімінде олардың қысқа әңгімесінен видео жариялады. Роналду қазақстандық боксшыны жылы қарсы алып, оның әлі де спорттық мансабын жалғастырып жүрген-жүрмегенін сұрады.

«Әлі де жұдырықтасасың ба?» , — деп сұрады Роналду.
«Бәлкім, жаңа жылда тағы бір рет көремін», — деп жауап берді Головкин.

Айта кетейік, бұл екі спорт аңызының алғашқы кездесуі емес. 2020 жылы  бұған дейін де бірге жаттығу өткізген.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...