Талдықорғанда баласы анасын аяусыз соққыға жыққан

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1591

Талдықорғанда анасын аяусыз ұрып, соққыға жыққан ер адам он-ақ күнге қамалғаны белгілі болды, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Қалалық соттың үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды.

«Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу)109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды. Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...