Маңғыстауда автобус қағып кеткен жұмысшы қаза тапты

Фото: frepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
153

Маңғыстау облысында “Ақтау – Қаламқас” тасжолында автобус жаяу жүргіншіні қағып, ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 6 қарашада болған. Полиция мәліметінше, Daewoo автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

БАҚ мәліметінше, марқұм “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істеген. Апат тасжолдың 170–171-шақырымында, аялдама маңында ер адам жолдан өтіп бара жатқан кезде болған.

Шоу-бизнес

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған тү...