Домбыраның әр пернесі тарих қатпарларын ақтарады. Ол қазақтың болмысынан, шежіресінен сыр шертер құд...
Танымал миллиардер жардан құлап, мерт болды
Фото: mangofashiongroup
2740
Испаниялық миллиардер Исак Андик көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Ол Mango киім-кешек желісінің негізін қалаған. Испаниялық миллиардер Исак Андик отбасымен тауға шыққан кезде қайғылы оқиға болды. Кәсіпкер 150 метрлік жардан тайып құлап кетті.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде миллиардер жан тапсырған. Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болды.
Ақпаратты Mango растады. Forbes Андик отбасының байлығын 4,5 миллиард еуроға бағалады.
Исак Андик 1984 жылы ағасымен бірге Mango киім-кешек дүкенінің негізін қалады. Дүкеннің сауда желісі 110-нан астам елде жұмыс істейді.