Жұма намазы келінде жарылыс болдып, 15 адам көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
495

Пәкістанның астанасы Исламабадта жұма намазы кезінде жарылыс болды. 15 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеп.

Жарылыс астананың Тарлай ауданында орналасқан Хадиджа әл-Кубра имамбаргасындаболған. Оқиға орнына дереу полиция мен құтқару қызметі жетті.

Бұл шабуыл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің екі күндік ресми сапары кезінде болды.

Исламабад астаналық полициясының баспасөз хатшысы Тақи Джавадтың айтуынша, жарылыстың нақты сипатын анықтауға әлі ерте. Жарылыстың арнайы шабуылдан немесе алдын ала қойылған жарылғыш заттан болғаны сараптама нәтижесінде белгілі болады.

Қауіпсіздік күштері жарылыс болған аумақты толық қоршауға алды. Сонымен қатар, ауруханаларда жараланғандардың жағдайын бақылау үшін көмекші комиссарлар тағайындалды.

Ел астанасындағы поликлиникада, Пәкістан медицина ғылымдары институтында (PIMS)және CDA ауруханасында төтенше жағдай режимі енгізілді. Негізгі жедел жәрдем бөлімі, ортопедия, күйік орталығы және неврология бөлімдері толық іске қосылған.

Парламент істері жөніндегі министр Тариқ Фазал Чаудри әлеуметтік желіде бұл шабуылды қатаң айыптап, «қорқақтықпен жасалған әрекет» деп баға берді. Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті...

ПОЭЗИЯ

1.Алма және әлем    Көктемде алма ағашы, Бүршік ашып, Үмітпен көкке бой созады. Жазға...