Бес адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі аяқталды. Ірі жол көлік оқиғасына 60 жастағ...
Нөсер мен көктайғақ: Бүгінге арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik
136
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 2026 жылғы 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Болжамға сәйкес, жексенбі күні елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстік өңірлердің тау бөктері мен таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін.
Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен орталық өңірлерде көктайғақ болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.