Индонезияда алып аждаһа бір әйелді жұтып қойды

tengrinews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1352

Индонезияның Калемпанг ауылының тұрғын әйелі із-түзсіз жоғалып кеткен. Біраз уақыттан кейін іздеушілер оны үлкен әбжыланның жұтып қойғанын анықтады, деп хабарлайды Мәдениет порталы Tengrinews.kz-ке  сілтеме жасай отырып. 

4 баланың анасы, 50 жастағы Фарида есімді әйел базарға орман арқылы кетіп, сол күйі оралмаған. Ол базарда тамақ сатады екен. Түн жарымына дейін үйге оралмаған соң Фариданың күйеуі бір сұмдықтың болғанын сезіп, ауылды аяғынан тік тұрғызып, шарқ ұрып іздеу салған көрінеді. 

Келесі күні іздеушілер қарны әдеттен тыс ісініп кеткен үлкен питонды көреді. Осыдан сезіктенген олар жыланның ішін жаруға шешім қабылдаған. Оқиға шамамен былай болған: питон алдымен әйелді аяғынан тістеп құлатып, кейін бүкіл денесіне оратылып алып, тұншықтырып өлтірген. сосын бас жағынан бастап біртіндеп жұтқан. 

Шұбар питон (Malayopython reticulatus) — әлемдегі ең ұзын жыландардың бірі, оның ұзындығы әдетте 6,25 метрден асып кетеді.

Бұл шұбар питондар Оңтүстік-шығыс Азияда өмір сүреді. Индонезияның ормандарында қала өркениетімен ешқашан араласпаған шұбар питондардың популяциясы бар. Олар улы емес, сондықтан өздерінің құрбанын аса қуатты денелерімен орап алып, мыжып, тұншықтырып өлтіреді. 

Индонезияда бұған дейінгі құжатқа түсірілген дәл осындай жағдай 2022 жылы тіркелген екен. Ал 2017 жылдан бері бұл елде осы әйелмен қосқанда барлығы 4 адам шұбар питонның құрбаны болған екен. 

Әлем

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын 4 сәуір күні Корей халық армиясының арнайы операциялар күштерінің...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Pegasus әуе компаниясының Ыстанбұл – Бодрум бағыты бойынша ұшып шыққан ұшағы қолайсыз ауа райы...