inDrive бастығы Михаил Шайдоровтың әкесіне керемет сыйлық жасады

Арсен Томский (Фото DR)

ЖАҢАЛЫҚТАР
101

Бұл туралы inDrive басшысы Арсен Томский әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды МadeniРortal.kz.

Станислав Александрович Милан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан қоржынына алтын медаль салған Михаил Шайдоровтың болашағы үшін барын салған. Тіпті қиын сәттерде қаржылық тығырықтан шығу үшін өз көлігін де сатқан. Оның осы әрекетіне ризашылық ретінде кәсіпкер қолдау білдіргісі келген.

"Өз елің үшін мақтану - адам сенгісіз ерекше сезім! Осы мақтаныш пен қуаныш үшін Михаилға рахмет. Ғажайып, өте шабыттандыратын алтын олимпиадалық жеңіс.

Ерекше құрмет пен алғыс ретінде осы табыстың бастауында тұрған адамға сыйлық жасағым келеді. Мен чемпионның әкесі — Станислав Александровичке Audi Q8 сыйлаймын. Бұл — менің жеке өзімнен және барлық қазақстандықтардан тарту.

Станислав Александрович Михаилдың алғашқы жаттықтырушысы ғана емес, бір кезде ұлының арманы үшін өз көлігін сатып жіберген еді. Бүгін сол арман алтынға айналды. Audi Almaty-де иесін күтіп тұрған бұл автокөлік ортақ алғысымыздың символы болсын. Audi сақиналары сіздің отбасыңызға осы ұлы олимпиадалық жеңісті әрдайым еске салып тұрсын!

Құттықтаймын және Михаилға жаңа жеңістер тілеймін!", - деп жазды кәсіпкер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі туралы журналист тың деректерді анықтады, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украинаның Қауіпсіздік қызметі қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты сотқа дейінгі тер...