Кішкене жылжуды сұраған: Алматыда автобуста ер адам қызды буындырған

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
154

Алматыда №227 бағыттағы автобуста жолаушы қыз бен егде жастағы ер адамның арасында жанжал шыққан. Полицияның мәліметінше, оқиғаға байланысты ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жолаушы қыздың айтуынша, ол автобустың артқы жағына отырып, бір орынға жайғасу үшін жанында отырған ер адамнан жылжуын сұраған.

Алайда қыздың сөзінше, ер адам еш ескертусіз оның мойнынан ұстап, қылғындыра бастаған.Жолаушы бірден босап шыға алмаған. Оған жанында отырған басқа жолаушы көмектескен.

Оқиғаға байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізген.

Аталған факті бойынша Алматы қаласының полициясы тексеру жүргізді. Тексеру барысында оқиғаға қатысушылар анықталып, оның нәтижесінде құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Полиция департаменті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Бұл ақпаратты Қаз...