«Азғырғандар көп болды»: «Қойшы бала» Жігер Ауыпбаев туралы бар шындықты жайып салды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
675

«Қойшы бала» атымен белгілі жас әнші Айдос Кәден алғаш рет өзін продюсер ретінде таныстырған Жігер Ауыпбаевпен арадағы даулы қатынасы жайында ашық айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz turkystan.kz сайтына сілтеп.

Айдосдың айтуынша, олардың арасындағы шиеленістің өршуіне тек жеке түсініспеушілік емес, сондай-ақ өнер саласындағы кей адамдар мен өз туыстарының араласуы да әсер еткен.

«Мен негізі ешкімге өкпе сақтамайтын, кек алмайтын адаммын. Жігер ағаның да жаман ойы болмағанын білемін. Бірақ мені ол кісіден алыстауға азғырғандар көп болды. Олардың ішінде өнердегі адамдар да, өз туыстарым да бар, бірақ бәрін ашып айтқым келмейді. Туыстарымнан тыс, от салып, араға іріткі таратқандар да аз болған жоқ. Бұрын мұндай сынақты басымнан өткермеген едім, алғаш рет сүріндім. Сол үшін өзіме ренжимін», – деді ол Massaget.kz түсіретін Kezdesu YouTube жобасына берген сұхбатында.

Сұхбат барысында жас әншіге «Қатеңді түсінсең, неге қайтадан Жігер Ауыпбаевқа жүгінбедің?» деген сауал да қойылды.

«Ол сұрақты өзім де өзіме жиі қоямын. Неге екенін білмеймін. Қазір де ол кісі ренжулі шығар… Бірақ бара алмаймын. Барғым келгенімен, жүрегім қимайды. Бұл Жігер ағайды жек көргенімнен емес», – деп түсіндірді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жамбыл облысындағы Шатыркө...