Домбыра ұстап тұрып баланы ұрған: Жамбыл облысында мұғалім қамауға алынды (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
473

Жамбыл облысында оқушыға қол көтерді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Оқиғаның бір жыл бұрын болғаны белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның бір қолына домбыра ұстап тұрып, екінші қолымен баланы ұрғаны көрінеді. Желі қолданушылары оқиғаны Қордай ауданындағы үйірмелердің бірімен байланыстырған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Белгілі болғандай, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Баланың анасы жағдай туралы жақында ғана біліп, полицияға жүгінген.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамаққа алынды. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деліген ведомствада.

Оқиғадан кейін ер адам көпшілік алдында кешірім сұрады. Ол видеодағы баланың өзінен сабақ алатынын айтып, әрекетін эмоцияға берілуімен түсіндірген. Сонымен қатар мұндай әрекеттің мұғалім үшін жол беруге болмайтынын мойындап, заң алдында жауап беруге дайын екенін жеткізді.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арандатушы видеоларымен және көлікті қауіпті жүргізуімен танылған 28 жастағы «Nazarrollan&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің тағы үш оқушысы ауруханаға жеткізілді. Осылайш...